Меню KDT
logo1.jpg?_=1710477848

қабылдау бөлімі
+7(7172) 57-02-51
pmpk_4ast@mail.ru

Шектеуден тыс 🌏


17-18 сәуірде №4 ПМПК мамандары "Болашақ" корпоративтік қорының "Шектеуден тыс: аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту" атты халықаралық конференциясына қатысты.

Конференцияның мақсаты - аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) туралы қоғамның хабардарлығы мен түсінігін арттыру, аутизмі бар балаларды диагностикалау және қолдау саласындағы озық тәжірибелермен алмасу, аутизмі бар балалар мен ересектерді қоғамға қосу жөніндегі бастамаларды ілгерілету, дамыту, өзін-өзі жүзеге асырудың тең мүмкіндіктерін насихаттау болып табылады.

Халықаралық конференцияның спикерлері - АҚШ-тың халықаралық мінез-құлықты талдау ұйымының (IBAO) атқарушы директоры Майкл Мюллер (Ph.D., BCBA-D, IBA), Франциядағы психомоторлық терапевттер Федерациясы Бас хатшысының орынбасары Николас Райнал, Ресей, Қырғызстан, Өзбектан және Қазақстанның мінез-құлық талдаушылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кәсіби көкжиекті кеңейтуге мүмкіндік берген "Болашақ" корпоративті қорына алғыс айтамыз.


Пікір жоқ
79 қаралды
Санаты: Білім
Авторы: b4psychologmedical
Қосылды: 17.04.2024 в 19:27

ПМПК басшысы

Президенттің Жолдауы

Birge.kz